Саны: Қазақстанда түрдің нақты саны белгісіз; тек аймақтар бойынша жеке деректер бар. Жаһандық популяцияны алдын-ала бағалауға сәйкес, 58-93 мың ересек дарағы бар деп есептеледі.
Мәртебесі. II санат. Сирек кездеседі. Жойылып кету қаупі төніп тұр. Саны азайып бара жатыр.
Таралуы. Африка, Еуразия Атлант жағалауынан шығысқа қарай Хара-Нарин жотасына дейін, солтүстігінде 56° с дейін, оңтүстігінде Жерорта теңізі, Кіші Азия, Иран, Пәкістан, Үндістан жағалауларына дейін. Африкада, Арабияда, Азияның оңтүстігінде қыстайды. Қазақстанда оңтүстік (49 параллель) аудандарды мекендейді.