Саны: Кең таралған түр. Нақты саны қанша екені жөнінде дерек жоқ. Әлемдегі саны 5,6-10,5 миллион дарақ шамасында деп болжанады. Еуропадағыч популяциясы шамамен 1,5-2,5 миллион жұптың төңірегінде.
Санаты. Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.
Таралуы. Қазақстанның жазық далалы аймағындағы сулы-батпақты жерлерінде, солтүстікте Қамыс-Самар көлдеріне, Науырзымға, Сілеті-Теңіз көліне және Ертікстің Павлодар аумағындағы бөлігіне дейінгі аумақта ұя салады немесе ұшырасады. Кейінгі онжылдықтарда Марқакөл көлінде ұя сала бастады. Ұшу өту кезінде сусыз жерлерде де кездеседі.