Саны: Жекелеген зерттеулерде Қазақстандағы жиынтық саны маусымға және бақылау орындарына байланысты 1,5 мыңнан 2 мыңға дейін өзгеруі мүмкін екенін көрсетілген. Әлемдегі саны 0,2-2,3 миллион дарақ шамасында бағаланады.
Мәртебесі. Сирек кездеседі. II санат. Жойылып кету қаупі төніп тұрған түр. Күрт азайып бара жатыр.
Таралуы. Қазақстанда өткен ғасырдың 40-50 жылдары Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Жайық, Ырғыз және Торғай өзендерінің сағаларында, Арал теңізі мен Сырдария өзенінде, сондай-ақ Сарысу, Шу, Іле өзендерінің сағаларында, Балқаш көлінің оңтүстік шетінен Іле өзенінің атырауына дейінгі жағалауында ұя салған. 70-ші жылдары ол тек Еділ өзенінің атырауында сенімді түрде ұя салды. 80-ші жылдардан Жайық атырауында ұя сала бастағаны байқалды.