Сары шақшақай (сары наурызек)

ғылыми атауы:
Motacilla flava
тұқымдасы:
Наурызектұқымдастар
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Саны көп түр. Қазақстанда ұя салатын жыл құсы. Нақты саны туралы деректер жоқ. Еуропада ұя салатын популяция саны 9,6-16 миллион жұп шамасында деп есептеледі. Санының азаю үдерісі байқалады.


Мәртебесі.  
Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.


Таралуы.  
Қазақстанның теріскей бөлігінде ұя салады, ұшып өту кезінде барлық жерде дерлік кездеседі.  Шөбі биік өсетін, бұтас сирек немесе қамысты саздауыт жерлерді, көлдердің сазды жағалаулары мен теңіз деңгейінен 400-500 метр биіктікке дейінгі тау бөктерлерін мекендейді.  Ұшып өту кезінде шөлді жазықтардағы су көздері маңында және сирек жағдайда 3200 метрге дейінгі биік тауда кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)