Аққұйрық субүркіт

ғылыми атауы:
Haliaeetus albicilla
тұқымдасы:
Сұңқартектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Кейінгі он жылдықта елімізде 120-130 жұп ұя басқан. Алдын ала бағалау бойынша, әлемдік саны жыныстық жағынан жетілген 28200–58400 дарақтан тұрады.

 

Санаты. II санат. Саны қысқарып жатқан сирек түр

Таралуы. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның көптеген өзен-көлдерінде болатын, бірақ кейінгі 30-40 жылда кей жерлерде көрінбей кетті.    80-90-жылдары Еділ өзені атырабының қазақстандық бөлігінде, Көшімде (Еділ-Жайық  суайрығы), Жайық өзені алабында, Қостанай облысының көлдерінде, Сырдария алқабында, Балқаш-Алакөл ойпатында және республиканың шығысында (Зайсан көлі, Қара Ертіс өзені, Марқакөл көлі, Павлодар өңіріндегі Ертіс маңында) ұя салатын.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)

Басқаларын да қарап көріңіз