Саны: Қазақстанда кей жерде сирек кездесетін, ұя салатын жыл құсы. Сирек жағдайда қыстап та қалады. Санына қатысты нақты деректер өңірге және жылдарға байланысты әркелкі, бірақ жалпы алғанда тұрақты деп есептеледі. Әлемдегі саны 1,4–2,1 млн дарақ (Wetlands International, 2015).
Санаты: Өзге шаруашылық мақсатқа пайдаланылатын түр, сондай-ақ саны реттеуге жататын құс.
Таралуы. Қазақстанда Балқаш-Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында мекендейді. Қамыс-самар көлдерінде, Торғай ойпатында, Науырзым мен Қорғалжын көлдерінде, Сорбұлақ көлінде ішінара ұя салады. Соңғы жылдары Солтүстік Каспийде, Жайық өзенінің атырауында қайтадан ұя сала бастады.