Күмiс шағала

ғылыми атауы:
Larus argentatus
тұқымдасы:
Шағалатектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Қазақстанда саны туралы нақты деректер жоқ. Күміс шағаланың жаһандық популяциясы 531-608 мың жұп төңірегінде деп болжанады.


Санаты. 
Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.


Таралуы.  
Күміс шағалалар Исландияда, Ұлыбританияда, Францияда, Еуропаның солтүстігінде Ресей мен Сібірге дейін ұя салады. Олар негізінен Еуропаның солтүстік-батыс жағалауында қыстайды. Қазақстанда Каспий теңізінің шығыс жағалауына сирек те болса ұшып келетіндігі туралы деректер бар.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)

Басқаларын да қарап көріңіз