Саны: Каспийдің солтүстік-шығысында 2023 жылдың 8 сәуірінде 36,6-32,5 мың қоқиқаз бар екені анықталды. Әлемдегі популяция саны 550-680 мың шамасында.
Санаты: II санат. Сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұр. Саны азайып бара жатқан жергілікті ұя салатын түр.
Таралуы. Орталық Америка, Африка және Еуразияның оңтүстігі. Қазақстанда тек үш жерде ұя салады: Ақмола облысындағы Теңіз көлінде, Торғай ойпаңындағы Шалқартеңіз көлі мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында. Каспий жағалауын 50-жылдардың соңына қарай келмей кетіп, 70-жылдардың соңында қайта пайда болды.