Мәртебесі. III санат. Таралу аймағы мен саны қысқарып келеді. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның Қызыл кітаптарына енгізілген.
Таралуы. Түршесінің таралу аймағы Орталық Азияның тауларын – Тянь-Шань, Памир-Алай, Гиндукуш, Батыс Гималайтауларын қамтиды. Қазақстандағы түршесінің мекеніне Жетісу Алатауының Тоқсанбай, Қояндытау, Алтын-Емел, Қайқаң сілемдерімен Тянь-Шань жоталары – Кетпен, Теріскей Алатау, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, ҚырғызАлатауы, Талас Алатауы, Өгем жотасы, Қаржантау кіреді. Сырдария бөлігіндегі Қаратаудан ХХ ғасырдың ортасына қарай жойылып кетті.