Саны: Қазақстан аумағында 2 800 000-нан асады (2024, мамыр)
Таралуы. Бүгінгі таңда ақбөкеннің Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Моңғолияда тіршілік ететін екі түршесі бар: Saiga tatarica номинативті түр саналады және Қазақстан, Ресей, Өзбекстан аумақтарында таралған. Saiga tatarica mongolica (Моңғол бөкені) – тек Моңғолия аумағында мекендейді. Қазақстанда Жайық популяциясы, Үстірт популяциясы, Бетпақдала популяциясы тіршілік етеді.