Саны: Қазақстандағы өзен қарқылдағының нақты саны белгісіз. Әлемдегі саны шамамен 1,6–3,6 миллион дарақ төңірегінде деп бағаланады (Wetlands International 2015).
Мәртебесі. Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақэкологиялық, мәдени маңызы бар түр.
Таралуы. Қазақстанда сусыз шөлді аймақтарды қоспағанда, барлық жерде дерлік ұя салады және ұшып өтеді. Ол құмды, қиыршық тасты немесе жағалауы сортаң өзендер мен көлдердің маңын мекендейді. Қамысты-қопалы көлдерде сирек кездеседі.