Саны: Әлемдік саны 450-780 мың шамасында. Еуропада 108-151 мың ересек дарағы бар. Қазақстанда кәдімгі ұя салатын қоныс аударатын құс.
Мәртебесі. Анықталмаған
Таралуы. Қазақстанның едәуір бөлігінің сулы-батпақты жерлерінде солтүстікке қарай Қамыс-Самар көлдеріне, Науырзым, Петропавл және Зайсан ойпатына дейін ұя салады. 1989 жылы Павлодар Ертіс өңірі мен Ертіс алабының бірқатар ұя салатын жерлерінен көзге түсті. Ұшу кезінде барлық жерде кездеседі.