Саны: Әлемдегі саны 2,6-2,8 миллион шамасында деп есептеледі. Еуропада 704 мың–1,05 миллион аралығында ересек дарағы бар. Қазақстанда кей жерлерде көптеп кездесетін, ұя салатын жыл құсы..
Мәртебесі. Аңшылық нысаны саналатын түр
Таралуы. Арал маңындағы шөлдерді қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында, соның ішінде Оңтүстік Алтайда (1500 м дейін) және Жайық атырауында ұя салады. Ұшып өту кезінде барлық жерде кездеседі. Кейде Шымкент қаласынан оңтүстігірек, Арыс пен Келес өзендерінің төменгі ағысында қыстайды. .