Саны: Әлемдегі және Қазақстандағы популяция саны зерттелмеген. Еуропадағы популяциясы 5,3-15,5 мың жұп шамасында деп болжанады. Шамамен 10,5–31,1 мың ересек құс. Бірақ Еуропадағы популяция әлемдік ауқымның 5%-на жетпейді.
Мәртебесі. Анықталмаған
Таралуы. Қазақстанда Ойылда, Солтүстік Аралда Ақеспе стансасы маңында, Бетпақдалада Шолақ Еспеде, Іле өзені сағасында ұя салады. 1993 жылы Алакөлдің батыс жағалауында шамамен 3-4 жұп ұя салған. Науырзымға (2002 ж.), Торғайдың сағасына (1975 ж.) және Қорғалжынға (1970 ж.) ұшып келгені туралы деректер бар.