Қызылтұмсық сүңгуір

ғылыми атауы:
Netta rufina
тұқымдасы:
Қазтектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Әлемдік саны 420-600 мың дарақ шамасында. Еуропада 55-86 мың ересек дарағы бар. Қазақстанда қарапайым, кейбір жерлерде көп, ұя салатын қоныс аударатын құс.  

Мәртебесі. Аңшылық нысаны саналатын түр

Таралуы.  Қазақстанның оңтүстік жартысында солтүстікке қарай Қамыс-Самара, Илек, Қостанай, Көкшетау, Семей және Қара Ертіске дейін ұя салады. Көшпелі құс, ұшып өту кезінде барлық жерде кездеседі, кейде Түркістанның оңтүстігінде, сондай-ақ Сорбұлакта қыстайды.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)