Саны: Каспий-Арал өңірінде кемінде 50-60 жұп ұя салады деген болжам бар. Бұл төмендетілген болжам болуы мүмкін, өйткені арнайы санақ жүргізілмеген. Еуропадағы популяциясы 312-512 мың жұпқа төңірегінде деп болжанады.
Мәртебесі. Шаруашылық (аңшылық пен балықшылықтан басқа) мақсатқа пайдаланылатын түр
Таралуы. Қазақстанда Еділ-Жайық өзені, Маңғыстау, Үстірт және Орталық Қазақстанның көптеген аудандары сияқты ормансыз аумақтарды қоспағанда, барлық жерде дерлік ұя салады және ұшып өтеді. Атырауда, Ертіс жайылмасында, Шу және Іле өзендерінің аңғарларында, сондай-ақ, Алматыда қыстайды .