Күмiс шағала

ғылыми атауы:
Larus argentatus
тұқымдасы:
Шағалатектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Қазақстанда саны туралы нақты дерек жоқ. Күміс шағаланың жаһандық популяциясы 531-608 мың жұп төңірегінде деп болжанады.  

Мәртебесі. Анықталмаған

Таралуы.  Күміс шағалалар Исландияда, Ұлыбританияда, Францияда, Еуропаның солтүстігінде Ресей мен Сібірге дейін ұя салады. Олар негізінен Еуропаның солтүстік-батыс жағалауында қыстайды. Қазақстанда Каспий теңізінің шығыс жағалауына сирек те болса ұшып келетіндігі туралы деректер бар. Қазақстанда ұя салатын күміс шағалаға өте ұқсас өгізшағала (Larus cachinnans) деген түрі бар .

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)