Саны: Жаһандық саны – 1,2-2 миллион шамасында. Қазақстанда кәдімгі, ұя салатын қоныс аударатын құс, кейбір жерлерде отырықшы өмір сүреді және сирек кездесетін құс болып саналады.
Мәртебесі. Аңшылық немесе шаруашылық нысаны емес
Таралуы. Қазақстанның солтүстік жартысында (Солтүстік Балқаш және Бетпақ даланы қоспағанда), оңтүстікке қарай Жайықтың төменгі ағысына, Сырдария сағасына, Қолшеңгел маңындағы Тауқұмдардың оңтүстік шетіне, Қопа және Алматы стансаларына ұя салады. Оңтүстік-батыс Алтайда Ертіс, Бұқтырма жайылмасында және Марқакөл көлінде, Қалбада, сондай-ақ Зайсан ойпатында ұя салады. Маңғыстау, Үстірт және Оңтүстік Қазақстанда, тауларда 1500-2000 метр биіктікте кездеседі. Саз жапалағы қыста Жайық алқабында, Арал өңірінің солтүстігінде, Сарыарқада, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында тұрақтайды.