Сарыалақаз

ғылыми атауы:
Tadorna ferruginea
тұқымдасы:
Үйректектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Қазақстандағы нақты саны белгісіз, тек жекелегенбақылау деректері бар. Мысалы, 2007-2008 жылдары Сорбұлақта 800 дараққа дейінбар екені анықталған. Wetlands International (2015)дерегі бойынша әлемдегі саны шамамен 170000–220000 аралығында.  

Мәртебесі. Кейжерлерде сирек кездесетін, ұялайтын жыл құсы. Оңтүстік өңірлерде қыстайды

Таралуы.  Сарыалақаз Қазақстанда ұя салады және ұшып өту кезінде елдің барлық аумағында, соның ішінде жазық пен тауларда да ұшырасады. Шығыста және Оңтүстік Алтай мен Сауырдан Тарбағатайға, Жетісу Алатауы мен Тянь-Шаньға дейінгі тау жүйелерін қоса алғанда, оңтүстік-шығыста таралған. Ол – Орталық Азия жағдайында тау етегіндегі даладан теңіз деңгейінен 4000 м биікте жатқан тау жоталарындағы альпілік суайрықтарға дейінгі аймақтарда тіршілік ететін еліміздегі бірден-бір үйрек. Шымкенттен оңтүстігіректе, Іле өзенінің Жаркент тұсындағы орта ағысында және Шарынның сағасында қыстайды. Қыс жайлы болған жылы Аралдың Барсакелмес аралы маңында кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)