Саны: Қазақстан үшін әдепкі түр, кей жерлерде көптеп кездеседі. Каспий маңында әр жердегі саны маусымға байланысты өзгеріп отырады: соңғы жылдары күзде саны 2180-нен 4584-ке дейін, ал қыста 4183-тен 9038-ге дейін жеткен. Соған орай, Қазақстанның бүкіл су айдынындағы жалпы саны жоғары болуға тиіс деп болжанады. Әлем бойынша саны 19 миллионнан асады деп есептеледі.
Мәртебесі. Аңшылық нысаны саналатын түр.
Таралуы. Қазақстанда ұя салатын құс. Ұшып өту кезінде барлық жерде, соның ішінде Марқакөл сияқты таулы көлдерде және Талас Алатауындағы Жабағылы жотасындағы көлдерде кездеседі. Еліміздің оңтүстігінде, кейде оңтүстік-шығысында мұз қатпайтын көлдерде, ал қыс жұмсақ болған жылы Қазақстанның орталығы мен шығысында қыстайды.