Кекілік

ғылыми атауы:
Alectoris chukar
тұқымдасы:
Қырғауылтектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Қазақстанда нақты саны белгісіз, бірақ кейбір өңірлерде әртүрлі факторлардың әсерінен азайып жатқаны байқалады; қыс кезінде орын алатын өлім-жітімге байланысты саны өзгеріп тұрады. Ресми мәліметтерге сәйкес, елде шамамен 200-300 мың дарақ.  

Мәртебесі. Отырықшы тіршілік кешетін, кей жерлерде сирек кездесетін құс

Таралуы.  Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азияның таулы аудандары мен тау бөктерлерін мекен етеді. Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм, сондай-ақ Тянь-Шань және Жетісу Алатауында кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)