Саны: Аймақтар бойынша саны қыстау жағдайларына байланысты өзгеріп отырады, соңғы жылдары 10-15 мың ересек дарақ есептелген.
Мәртебесі. Аң аулау объектісі болып табылатын түр
Таралуы. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аймағындағы биік таулы жерлерде тіршілік етеді. Тянь-Шань тауларынан Оңтүстік Алтайдың шетіне дейінгі альпілік беткейлер мен субальпілік шалғындардың жоғарғы белдеуінде, Жетісу Алатауында 900-1500 м және Іле Алатауында 2500-3300 м биіктікте мекендейді. Көшпелі емес, орныққан аумағында тіршілік ететін құс.