Саны: Кең таралған. 2006-2015 жылдар кезеңінде Шақпақ асуында (Оңтүстік Қазақстан) жыл сайын орта есеппен 853 дарағына сақина салынған. Әлемде жалпы саны — 290-487 миллион дарақ.
Мәртебесі. Анықталмаған
Таралуы. Қазақстанда қыстау қарлығашы биік таулар мен шөлді жерлерді қоспағанда, адам тұратын елді мекендердің бәрінде – жазықтағы және 1800-2000 метрге дейінгі таулардағы елді мекендерде, шаруашылық үй-жайлары мен фермаларда ұя салады. Ұшып өту кезінде барлық жерде кездеседі.