Бізтұмсық

ғылыми атауы:
Recurvirostra avosetta
тұқымдасы:
Бізтұмсықтектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Әлемдегі саны шамамен 280–470 мың дарақ аралығында. Еуропада 117–149 мың ересек дарағы бар. Қазақстанда кей жерлерде сирек кездесетін, ұя басатын жыл құсы. .  

Мәртебесі. Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түр

Таралуы.  Қазақстанда солтүстігінде Самар көлдеріне, Шалқар көліне, Илек түбегіне, Қостанай облысындағы Мокрое және Теңіз көлдеріне, Петропавлға, Павлодарда Ертіс пен Зайсан ойпатына дейінгі тұзды сулар маңында ұя салады. Ұшып өту кезінде жазықтарда жиі кездеседі..

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)