Саны: Жетілген ересек дарақтарының әлем бойынша саны 87 мың деп есептеледі. Қазақстандағы саны белгісіз, кейбір деректер бойынша 100 шақты жұп бар делінеді.
Мәртебесі. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түр. III санат. Сирек құс
Таралуы. Еуразия кеңістігінде таралған. Ұя салған жерлерінде қыстайды. Қазақстан аумағындағы мекендері шашыраңқы. Оңтүстік пен шығыстың тауларынан бөлек, Маңғыстауда, Үстірт шыңдарында, Мұғалжарда, Сырдария өзені аңғарында, Қызылқұмда, Бетпақдалада, Сарыарқаның бірқатар нүктелерінде, Көкшетау қырқалары мен Ертіс бойының Павлодар аумағында кездеседі.