Саны: Қазақстанда саны нақты анықталмаған, бірақ шамамен 5-тен 10 мыңға дейін болуы мүмкін. Түр кең таралған және олардың саны жыл мезгілдеріне байланысты өзгереді. Қара кезқұйрықтың әлемдік саны алдын–ала бағалау бойынша 4,1-5,6 миллион ересек дарақты құрайды. Бірақ бұл мәліметтер нақтылауды қажет етеді.
Мәртебесі. Анықталмаған
Таралуы. Қара кезқұйрық дала мен шөлді аймақтарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ұя салады және ұшып өтеді. Ұшып өту кезінде Үлкен Алматы көлі сияқты биік таулы аудандарда да кездеседі.