Қараала шалшықшы

ғылыми атауы:
Haematopus ostralegus
тұқымдасы:
Шалшықшытектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Әлемдегі саны 925 мың – 1,03 миллион дарақ шамасында, бұл шамамен 617-687 мың ересек дарағы бар деген сөз. Haematopus finschi түрі жеке түрге бөлінген. Қазақстанда сирек кездесетін, ұя салатын, қоныс аударатын құс.  

Мәртебесі. Аңшылық немесе шаруашылық нысаны саналмайды

Таралуы.  Қазақстанның далалық және орманды дала аймақтарында, сондай-ақ оңтүстік Балқаш шөлдерінде, Сырдария алқабында, Шу мен Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауында ұя салады.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)