Тұрымтай

ғылыми атауы:
Falco columbarius
тұқымдасы:
Сұңқартектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Әлемдегі жалпы саны 267-556 мың ересек дарақтан тұрады деп болажанады. Еуропадағы популяциясы 40-83 мың шамасында. Қазақстанда сирек кездесетін ұя салатын, қоныс аударатын құс.  

Мәртебесі. Анықталмаған

Таралуы.  Қазақстанның солтүстігіндегі далалар мен орманды далаларда, сондай-ақ Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс тауларында ұя салады. Ол барлық жерде кездеседі, Ертіс пен Сырдарияда, Алтай мен Тянь-Шань тау бөктерінде қыстайды. Тауларда Тянь-Шаньда 2500-3000 м биіктікте тұрады.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)