Қарабай

ғылыми атауы:
Plegadis falcinellus
тұқымдасы:
Тырнақұтандар тұқымдасы
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: Жекелеген зерттеулерде Қазақстандағы жиынтық саны маусымға және бақылау орындарына байланысты 1,5 мыңнан 2 мыңға дейін өзгеруі мүмкін екенін көрсетілген. Әлемдегі саны 0,2-2,3 миллион дарақ шамасында бағаланады..  

Мәртебесі. Сирек кездеседі. II санат. Жойылып кету қаупі төніп тұрған түр. Күрт азайып бара жатыр.

Таралуы.  Қазақстанда өткен ғасырдың 40-50 жылдары Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Жайық, Ырғыз және Торғай өзендерінің сағаларында, Арал теңізі мен Сырдария өзенінде, сондай-ақ Сарысу, Шу, Іле өзендерінің сағаларында, Балқаш көлінің оңтүстік шетінен Іле өзенінің атырауына дейінгі жағалауында ұя салған. 70-ші жылдары ол тек Еділ өзенінің атырауында сенімді түрде ұя салды. 80-ші жылдардан Жайық атырауында ұя сала бастағаны байқалды..

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)