Саны: Каспийдің солтүстік-шығысында 2023 жылдың 8 сәуірінде 36,6-32,5 мың қоқиқаз бар екені анықталды. Әлемдегі популяция саны 550-680 мың шамасында.
Мәртебесі. II санат. Сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұр. Саны азайып бара жатқан жергілікті ұя салатын түр
Таралуы. Орталық Америка, Африка және Еуразияның оңтүстігі. Қазақстанда тек үш жерде ұя салады: Ақмола облысындағы Теңіз көлінде, Торғай ойпаңындағы Шалқартеңіз көлі мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында. Каспий жағалауын 50-жылдардың соңына қарай келмей кетіп, 70-жылдардың соңында қайта пайда болды.