Үкі

ғылыми атауы:
Bubo bubo
тұқымдасы:
Жапалақтектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: Қазақстанда түрдің санын толыққанды бағалау жүргізілген жоқ, бірақ қысқарған болуы мүмкін. 2003-2006 жылдары Арал-Каспий өңірінде 1,2-1,5 мың жұп ұя салды. Түрдің әлемдік популяциясының саны 180-500 мың жыныстық жетілген дарақ шамасынде деп есептеледі..  

Мәртебесі. II санат. Сирек кездеседі. Жойылып кету қаупі төніп тұр.

Таралуы.  Еуразияда кең таралған. Республиканың бүкіл аумағында, соның ішінде шығыс, оңтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның жазықтары мен тауларын, Бетпақдала, Арал маңы, Маңғыстау, Үстірт және Еділ-Жайық өзендерінің аралығында шашыраңқы мекендейді..

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)