Мойнақ шағала

ғылыми атауы:
Larus relictus
тұқымдасы:
Шағалатектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: ХХ ғасырда Алакөлде шамамен 1200 жұпқа дейін (1977) кездесетін. 2023 жылы ұябасар 3 жұп, ал 2024 жылы 5 жұп қана көзге түскен. Павлодар облысындағы Ақсор көлінде 2017 жылы 20 жұп ұя салды. Әлемдегі саны 10-20 мың дарақ төңірегінде..  

Мәртебесі. Сирек кездеседі. 1 санат. Жойылып кету қаупі төніп тұрған түр.

Таралуы.  Қазақстанда 1968 жылдан бастап Алакөлде кездеседі. 1984 жылы Балқаштың шығыс бөлігіндегі аралдарда бір жұптың балапан шығарғаны байқалды. 2003-2004 жылдары Алакөл көлінде мүлдем көрінбеді, 2005-2007 жылдары Павлодар облысында Ақсор көлінің маңайын мекендеді..

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)