Түркістан сілеусіні

ғылыми атауы:
Lynx lynx isabellinus
тұқымдасы:
Мысықтұқымдастар
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: Сирек. Алматы қорығында 10-ға жуық, Ақсу-Жабағылы қорығында 4-5 дарағы мекендейді. Батыс Тянь-Шаньда сілеусін сирек кездеседі.


Мәртебесі.
Сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұрған түр. III санат. Сілеусіннің сирек кездесетін түршесі. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстанның Қызыл кітаптарына енгізілген.


Таралуы.
Түркістан сілеусінінің таралу аймағы Орталық Азия тауларын қамтиды.  Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр тауларын мекендейді. Сырдария Қаратауынан шамамен ХХ ғасындың 40-жылдары жойылып кеткен.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)