Жасыл боздақ

ғылыми атауы:
Merops persicus
тұқымдасы:
Боздақтар тұқымдасы
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны:  Әлемдегі және Қазақстандағы популяция саны зерттелмеген. Еуропадағы популяциясы 5,3-15,5 мың жұп шамасында деп болжанады. Шамамен 10,5–31,1 мың ересек құс. Бірақ Еуропадағы популяция әлемдік ауқымның 5%-на жетпейді.


Мәртебесі.  
Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.


Таралуы.  
Қазақстанда Ойылда, Солтүстік Аралда Ақеспе стансасы маңында, Бетпақдалада Шолақ Еспеде, Іле өзені сағасында ұя салады. 1993 жылы Алакөлдің батыс жағалауында шамамен 3-4 жұп ұя салған.  Науырзымға (2002 ж.), Торғайдың сағасына (1975 ж.) және Қорғалжынға (1970 ж.) ұшып келгені туралы деректер бар.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)