Саны: Қарапайым, кейбір жерлерде көптеп кездесетін түр. Қазақстанда саны бірнеше жүз мыңға жетеді.
Мәртебесі. Аңшылық нысаны
Таралуы. Түр Қазақстанның құрғақ далаларында, шөлейттері мен шөлдерінде мекендейді. Құм қоянның таралу аумағы Забайкалье, Моңғолия, Батыс Қытай, Орталық Азия, Солтүстік-Шығыс Африканың жазық және таулы аймақтарын қамтиды. Қазақстанның батысында Каспий теңізінен шығыста Зайсан ойпатына дейін, соның ішінде Тянь-Шань – Өгем, Қаржантау, Талас, Қырғыз, Іле, Кетпен (Ұзынқара), Күнгей және Теріскей Алатау сияқты тау жоталарында таралған..