Саны: Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігінде 270-ке жуық аю мекендейді, Жетісу Алатауы аумағында 350-ден астам дарағы тіршілік етеді.
Мәртебесі. III санат. Сирек кездесетін түр
Таралуы. Түршесінің таралу аймағы Орталық Азияның тауларын – Тянь-Шань, Памир-Алай, Гиндукуш, Батыс Гималай тауларын қамтиды. Қазақстандағы түршесінің мекеніне Жетісу Алатауының Тоқсанбай, Қояндытау, Алтын-Емел, Қайқаң сілемдері мен Тянь-Шань жоталары – Кетпен, Теріскей Алатау, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Өгем жотасы, Қаржантау кіреді. Сырдария бөлігіндегі Қаратаудан ХХ ғасырдың ортасына қарай жойылып кетті.