Саны: Қазақстандағы жалпы саны аңшылық шаруашылықтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар деректері бойынша – 25-30 мың дарақ. Бірақ көрсеткіш бұрынғыға қарағанда төмендеген. Еліміздің оңтүстігінде популяция саны жыл сайын құбылып тұрады: Іле Алатауында 40–47 шаршы/ шақырымда 39–123 тиін, 1000 га орманда 29–123 тиін бар екені тіркелген..
Мәртебесі. Аңшылық нысаны саналатын түр
Таралуы. Тіршілік ареалы Еуропа мен Азияның орманды аймақтарынан – батыста Пиренейден шығыста Тынық мұхит жағалауына дейін қамтиды. Бұрын қылқан жапырақты ормандар Алтайдан Оралға дейін созылған кезде, тиін кеңірек таралуы мүмкін еді. Орманды алқаптардың азаюы оның таралу аймағының бөлшектенуіне әкелді. Қазақстанда үш түршесі кездеседі: тиін-телеутка (sciurus vulgaris exalbidus), қалба тиіні (sciurus vulgaris kalbinensis) және алтайлық тиін (sciurus vulgaris altaicus). Қазақстанда тиін-телеутканың табиғи ареалы Ертістің оң жағалауындағы қарағайлы ормандарды алып жатыр. 1927-1948 жж ол Орталық және Солтүстік Қазақстанның Қарағайлы ормандарына сәтті бейімделді. 1952-1964 жылдары Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньға, соның ішінде күнгей Алатауға телеутка тиін бейімделді. Қалба тиіні Ертістің сол жағалауындағы Қалба жотасының Орда және Қоянды ормандарын мекендейді. Алтай тиіні Ертістің оң жағалауындағы Оңтүстік Алтайдың қылқан жапырақты ормандарын мекендейді. Бұл кіші түр Қалба жотасының ормандарында да кездеседі.