Киік (ақбөкен)

ғылыми атауы:
Saiga tatarica
тұқымдасы:
Қуысмүйізділер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: ХХ ғасырдың 60-жылдарда Қазақстанда ақбөкендердің саны 600-800 мың, 90-жылдары миллионға жуық дарақ болды. Алайда, шектен тыс аулаудың салдарынан елдегі ақбөкендердің саны 10 жыл ішінде (1992-2003жж.) – 1 миллионнан 20 мыңға дейін азайды. 2004 жылдан бастап киіктерді қорғау бойынша күшейтілген шаралар қабылданды, нәтижесінде олар біртіндеп көбейе бастады. 2015 жылы саны 295,4 мың дараққа жетті. Алайда 2015 жылы мамыр айында Бетпақдала популяциясындағы киік жаппай (80% дерлік) қырылды . Басты себебі пастереллез болып саналады. Кейіннен олардың саны қайтадан көбейе бастады. Әуе санағы 2019 жылы Қазақстандағы киіктің жалпы саны – 334 400, 2023 жылы - 1,9 млн., ал 2024 жылы 2,8 млн. дарақты құрағанын көрсетті .  

Мәртебесі. Аңшылық нысаны саналатын, саны қолдан реттеуге жататын түр

Таралуы.  Батыс Қазақстанда Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында (Жайық популяциясы), Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарында (Үстірт популяциясы), тіршілік етеді. Ақбөкеннің ең үлкен популяциясы Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Павлодар облыстарының аумағын мекендейтін Бетпақдала популяциясы.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)