Орман бизоны

ғылыми атауы:
Bison bison athabascae
тұқымдасы:
Қуысмүйізділер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Жалпы саны 25-30 бас шамасында. Қазақстан үшін жергілікті түр емес. Сырттан әкелініп, қолда өсіріліп жатқан, бизонның канадалық орман бизоны деп аталатын түршесі. Әлемде 3000-дай ғана орман бизоны бар деп есептеледі.  

Мәртебесі. Мәртебесі: Қорық аумағында өсіріліп жатқан, қорғауға алынған түр.

Таралуы.  «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық паркінің Қарағанды филиалының аумағы. Мұндағы 400 гектарлық арнаулы қоршауға 2020 жылы 10 бас канадалық орман бизоны әкелінген. Бүгінде олардың саны 25-тен асты. Бизон — қуысмүйізділер тұқымдасының зубр туысына жататын жабайы сиыр. Бизон Солтүстік Америкада көп кездескенімен, 19 ғасырда көп аулануына байланысты сиреп кеткен. Өте ірі жануар, бұқасының дене тұрқы 3 м, биіктігі 2 м-дей, салмағы 720 — 750 кг болады.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)