Түркістан сілеусіні

ғылыми атауы:
Lynx lynx isabellinus
тұқымдасы:
Мысықтұқымдастар
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: Сирек. Солтүстік Тянь-Шаньда 100-130 дарақ. 1990 жылдардың басында Жетісу Алатауында 250-300 дарақ болған, қазірдің өзінде де өңірде сілеусін жеткілікті. Алматы қорығында 10-ға жуық, Ақсу-Жабағылы қорығында 4-5 дарағы мекендейді. Батыс Тянь-Шаньда сілеусін сирек кездеседі.  

Мәртебесі. Сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұрған түр. III санат. Сілеусіннің сирек кездесетін түршесі

Таралуы.  Түркістан сілеусінінің таралу аймағы Орталық Азия тауларын қамтиды. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр тауларын мекендейді. Сырдария Қаратауынан шамамен ХХ ғасындың 40-жылдары жойылып кеткен.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)