Қызылқұйрық құмтышқан

ғылыми атауы:
Meriones libycus
тұқымдасы:
Тышқантектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Ең көп саны таулы Маңғыстауда, Бетпақдаланың оңтүстік бөлігінде, Іле ойпатында және Шу-Іле тауларының солтүстік беткейлерінде — 1 гектарға 20-80 дараққа дейін байқалды. Саны аз аудандарда (Үстірт, Солтүстік Арал, Бетпақ-Дала) ол 1 гектарға 1-5 дарақ шамасында, Маңғыстау пен Арысқұмда 1 гектарға 6-25 дарақтан кездеседі. .  

Мәртебесі. Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени құндылыққа ие түр

Таралуы.  Қазақстанда, негізінен сазды және қиыршық тасты шөлдерде кең таралған. Мекен ету аумағының солтүстік бөлігінде кейбір тау бөктерлерінде болмаса, таралуы шектеулі. Республиканың оңтүстік аймақтарында әлдеқайда жиі кездеседі және көбірек биотоптарды иеленген. .

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)