Ақкіс

ғылыми атауы:
Mustela erminea
тұқымдасы:
Сусарлар
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Соңғы жылдары ақкістің нақты саны туралы деректер жоқ, бірақ қазіргі уақытта саны азайғаны белгілі. Ақкістің ең көп саны 1930 жылдары Солтүстік Қазақстанда байқалды. Осы жылдары жиналған барлық ұсақ аң терілерінің 74%-ы ақкіске тиесілі болды.  

Мәртебесі. Аңшылық нысаны саналатын түр

Таралуы.  Қазақстандағы ақкіс бүкіл Солтүстік территорияда, сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында тұрады. Бұл аумақта түрдің таралуы біркелкі емес. Ақкіс таралған аумақтың оңтүстік шекарасы Каспий теңізінен (Ембі өзенінің атырауы) Арал теңізінің солтүстік жағалауына және Сырдария өзенінің төменгі ағысына, содан кейін Қызылорда арқылы Ұлытау тауларына және Сарыарқа тауларының оңтүстігіне дейін жетеді. Одан әрі ол Қызыларайдың оңтүстігінен өтіп, Алакөл ойпатына, одан кейін Жетісу Алатауының, солтүстік және Батыс Тянь-Шаньның етегімен оңтүстік-батысқа қарай созылады.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)