Саны: қарапайым, кейбір жерлерде көптеп кездесетін түр.
Мәртебесі. Аңшылық нысаны
Таралуы. Түр Қазақстанның құрғақ далаларында, шөлейттері мен шөлдерінде мекендейді. Құм қоянның таралу аумағы Забайкалье, Моңғолия, Батыс Қытай, Орталық Азия, Солтүстік-Шығыс Африканың жазық және таулы аймақтарын қамтиды. Қазақстанның батысында Каспий теңізінен шығыста Зайсан ойпатына дейін, соның ішінде Тянь-Шань – Өгем, Қаржантау, Талас, Қырғыз, Іле, Кетпен (Ұзынқара), Күнгей және Теріскей Алатау сияқты тау жоталарында таралған..