Кертағы (Керқұлан)

ғылыми атауы:
Equus przewalskii caballus
тұқымдасы:
Жылқытектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: 2003-2007 жылдары "Алтын Емел" ұлттық паркіне Германияның хайуанаттар бағынан 14 жылқы әкелінді. 2024 жылы Чехия мен Германияның хайуанаттар бағынан әкелінген 7 жылқы Орталық Қазақстанға жіберілді. Бұл түрдің әлемдегі жалпы саны 3 мыңнан астам.  

Мәртебесі. Сирек кездеседі, жойылып кету қаупі төніп тұр. I санат: жойылып барады

Таралуы.  Тарпаң – жусанды-селеулі даланың жануары. Алғаш Орталық Жоңғарияны (Батыс Қытай) мекендейтін түр ретінде сипатталған. Ал негізінде оның ежелгі тіршілік мекені Еділдің шығысынан Тянь-Шань мен Моңғол Алтайының етегіне дейін созылып, Байкал маңын қоса алғанда, Азияның ұлан-ғайыр даласын қамтыған.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)